Бәйдібекте судағы қауіпсіздік түсіндірілді

Бәйдібек ауданында шомылу маусымына байланысты тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағыттағы профилактикалық акцияны аудандық «Жастар ресурстық орталығы» Ақбастау ауыл округінде ұйымдастырды.

Күннің қатты ысуына байланысты су айдындарында демалушылардың саны күрт артқан. Мамандар азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақыруда.

— Өкінішке қарай, судағы қайғылы оқиғалардың басым бөлігі қауіпсіздік ережелерін елемеуден немесе білмеуден орын алады. Сондықтан түсіндіру жұмыстарын күшейттік, — дейді орталық мамандары.

Жастар демалушыларға ақпараттық парақтар таратып, қауіпсіздік шаралары жайлы кеңес берді. Ата-аналар мен оқушыларға суда абай болуды, шомылу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзбауды ескертті.