Тоқаев Түркістанның су мамандарын марапаттады: бес қызметкерге мемлекеттік награда табысталды

 Тоқаев Түркістанның су мамандарын марапаттады: бес қызметкерге мемлекеттік награда табысталды

Су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы су саласының үздік мамандарын марапаттады.

«Қазсушар» РМК Түркістан филиалының бес маманына су ресурстарын тиімді басқаруға қосқан үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» төсбелгілері мен мемлекеттік наградалар тапсырылды.

Марапат иелері:

  • 🏅 Жолдасбеков Бақтияр Өтепбайұлы – Жетісай өндірістік бөлімшесінің учаске басшысы;
  • 🏅 Сарыбасов Құттыбай Көбейұлы – Мақтаарал өндірістік бөлімшесінің басшысы;
  • 🏅 Жолдас Ғабит Талғатұлы – бөлім басшысы;
  • 🏅 Көбеев Ерлан Құттыбайұлы – инженер-гидротехник;
  • 🏅 Жаймұрза Әбдіхалық Нұрмаханұлы – саланың еңбек ардагері.

Мемлекет басшысы ел экономикасының маңызды салаларының бірі саналатын су шаруашылығында аянбай еңбек етіп жүрген мамандарға алғысын білдірді.