Түркістанда 4 мыңнан астам отбасына көмек көрсетілді: өңірдегі орталықтар жұмысы күшейтіледі

Түркістанда 4 мыңнан астам отбасына көмек көрсетілді: өңірдегі орталықтар жұмысы күшейтіледі
Түркістан облысында өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен азаматтарға көмек көрсететін 17 отбасын қолдау орталығы ашылған. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен іске асқан.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен арнайы жиында осы орталықтардың жұмысы сараланып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.
Жыл басынан бері 4782 өтініш тіркеліп, олардың негізінде психолог, заңгер және әлеуметтік қызметкерлер 4033 түрлі қызмет көрсеткен. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардан 426 дабыл (сигнал) келіп түскен.
Аймақ басшысы орталықтарды жеке ғимаратпен қамтамасыз етіп, материалдық-техникалық базасын жақсартуды, сондай-ақ мобильді топтардың жұмысын жандандыруды міндеттеді. Тапсырма уақытында орындалмаған жағдайда аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары жауапкершілікке тартылмақ.
FSM Social мобильді қосымшасы іске қосылып, отбасыларға көмек көрсету процесі цифрландырылып жатыр. Бұл көмекке мұқтаж азаматтарды дер кезінде анықтап, оларға жедел қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Бірқатар орталықтарда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге бір айға дейін уақытша тұруға арналған жатын орындар ұйымдастырылса, кей өңірлерде мұндай мүмкіндік әлі жоқ.
Облыс бойынша мобильді топтар құрамында 5 мыңға жуық маман жұмыс





