ОРДАБАСЫДА ЖАҢА КЕШЕН МАҢЫНДАҒЫ СЕНБІЛІККЕ ЖҰРТ ЖАППАЙ ҚАТЫСТЫ

ОРДАБАСЫДА ЖАҢА КЕШЕН МАҢЫНДАҒЫ СЕНБІЛІККЕ ЖҰРТ ЖАППАЙ ҚАТЫСТЫ

Бүгін Түркістан облысы Ордабасы ауданының орталығы – Темірлан елді мекенінде ауқымды сенбілік өтті. Іс-шара жуырда ел игілігіне берілетін Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мәдени-спорттық кешен аумағында ұйымдастырылды.

Сенбілікке ауданның түрлі сала қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардан құралған 200-ге жуық азамат атсалысты. Олар кешен айналасын қоқыстан тазартып, аумақты абаттандыруға бірлесіп күш салды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл сенбілік – жергілікті жұрттың ауызбіршілігі мен ортақ іске деген жауапкершілігін көрсетті. Ал жаңа кешеннің іске қосылуы спорт пен мәдениетке қызығушылықты арттырып, ауданның әлеуметтік тынысына серпін беруі тиіс.