Түркістанда Конституцияның 30 жылдығына арналған іс-шаралар пысықталды

Түркістанда Конституцияның 30 жылдығына арналған іс-шаралар пысықталды
Биыл Қазақстан Конституциясының қабылданғанына 30 жыл. Осыған орай елімізде “Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі” ұлттық жоспары бекітіліп, өңірлерде бірқатар іс-шаралар өткізу көзделген.
Түркістан облысында бұл бағыттағы дайындық облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өткен жиында талқыланды. Жауапты басқармаларға жоспарды нақтылап, халыққа Ата Заңның маңызын түсіндіруді жандандыру тапсырылды.
Жоспар аясында: – Ашық сабақтар, конкурстар, конференциялар;
– Конституциялық құндылықтарды дәріптейтін марапаттау рәсімдері;
– Кітапхана базасындағы мектеп экскурсиялары мен диалог алаңдары;
– Ата-ана, бала, еңбек және білім алу құқығын насихаттайтын көше акциялары өткізіледі.
Іс-шаралар азаматтардың құқықтық санасын арттыруға бағытталған.





