Түркістан облысы ауыл шаруашылығындағы көрсеткіштер бойынша көш басында

Түркістан облысы ауыл шаруашылығындағы негізгі 10 индикатор бойынша үздіктер қатарында. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте мәлім болды.
2025 жылға дейінгі жол картасына сәйкес: – Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 253,9 млрд теңгені құрады (ИФО – 104,7%); – 103,8 млрд теңге инвестиция тартылып, жоспар 1,3 есе орындалды; – 59 гектарға су үнемдеу технологиясы енгізілді; – Тыңайтқыш сатып алу жоспары 109% орындалды (206,2 мың тонна); – 877 ауыл шаруашылығы техникасы жаңартылды (жоспар – 1649 бірлік).
Шардарада – 2200 тонналық көкөніс сақтау қоймасы іске қосылды. Жыл соңына дейін Түлкібас пен Сайрамда тағы екі қойма тапсырылады.
Рейтинг қорытындысы бойынша Түлкібас, Созақ және Отырар аудандары көш бастап тұр.
Kөш соңындағы өңірлерге нақты ескерту жасалды.
Сондай-ақ 2025–2027 жылдарға арналған ауыл шаруашылығын дамыту картасы аясында құны 227,5 млрд теңге болатын 60 жоба жүзеге асады. Жарты жылдың ішінде 17 жоба іске қосылып, 726 жаңа жұмыс орны ашылған. Жыл соңына дейін тағы 12 жоба жүзеге асады деп күтілуде.





