ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ ЖҮГЕРІ ЗАУЫТЫНДА 500-ДЕН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ ЖҮГЕРІ ЗАУЫТЫНДА 500-ДЕН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Түркістан облысы Шардара ауданындағы индустриалды аймақта қуаты жоғары жүгеріні өңдеу зауыты салынып жатыр. Жылына 150 мың тонна жүгеріні терең өңдейтін «Казкрахмал» ЖШС кәсіпорны іске қосылғанда 500-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады.

Зауыт құрылысымен бүгін өңір басшысы Нұралхан Көшеров танысып, жобаның өндірістік және инфрақұрылымдық нысандарын аралады. Әкім құрылыс қарқынын арттырып, өнім көлемін ұлғайтуды тапсырды.

Бүгінде дәнді дақылдарды сақтау және кептіру қоймасы жұмыс істеп тұр. Биыл крахмал сірнесін өндіру цехы іске қосылады. Жалпы аумағы – 35 гектар, инвестиция көлемі – 35 млрд теңге.

Зауыт крахмал, глютен, жүгері сечкасы, сірне және карамель өнімдерін шығарады. Өнім ішкі нарықпен қатар, Ресей, Қытай, Бельгия және Англияға экспортталады.

Айта кетейік, өңдеу өнеркәсібі Түркістан облысында соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Бұл зауыт өңірдің ауыл шаруашылығына негізделген экономикасына тың серпін бермек.