ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Түлкібас ауданында көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді. Аудан әкімдігінде өткен салтанатты жиында еліміздің демографиясына үлес қосып жүрген 18 анаға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» табысталды.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Ербол Орманов қатысып, марапат иелерін құттықтап, аналардың қоғамдағы рөлі мен отбасындағы маңызын атап өтті.
Аудан бойынша қазіргі таңда 825 ана – «Алтын алқа», 1788 ана – «Күміс алқа» иегері. Жыл сайын бұл көрсеткіш өсіп келеді.
Бұл шара – мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға көрсетілетін құрметтің белгісі әрі жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлестің лайықты бағалануы.





