ТҮРКІСТАНДА АЙНАЛМА ЖОЛ САЛЫНАДЫ: ҚҰРЫЛЫС БИЫЛ ҚЫРКҮЙЕКТЕ БАСТАЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДА АЙНАЛМА ЖОЛ САЛЫНАДЫ: ҚҰРЫЛЫС БИЫЛ ҚЫРКҮЙЕКТЕ БАСТАЛАДЫ
Түркістан қаласының шығыс айналма жолының құрылысы биылғы қыркүйек айында басталады. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен Қытайдың China Railway Asia-Europe Construction Investment Co., Ltd. компаниясы басшылығы арасында өткен кездесуде белгілі болды.
Бүгінде Түркістан арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолы күн сайын 8 мыңға жуық жүк көлігін қабылдап, қала көшелерінде көлік тығынын, жолдың бұзылуын тудырып отыр. Айналма жол осы мәселені шешуге бағытталған. Ұзындығы 30 шақырым болатын жол құрылысы шамамен 1,5 жылда аяқталады деп күтілуде.
Кездесу барысында қос тарап логистикалық орталықтар мен өндірістік аймақтар ашу, жаңа жұмыс орындарын құру мәселесін де талқылады. Аймақ басшысы бұл жобалар Түркістан облысының инвестициялық және экономикалық әлеуетін арттыратынын атап өтті.





