ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНДАҒЫ ҚЫЗЕМШЕКТЕ ЖАҢА ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНДАҒЫ ҚЫЗЕМШЕКТЕ ЖАҢА ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістан облысы Созақ ауданына қарасты Қыземшек кентінде балаларға арналған екі жаңа ойын алаңшасы ел игілігіне берілді. Заманауи алаңдар Шұғыла көшесі мен екінші шағынауданда орнатылған.

Ашылу салтанатына кент әкімі Марс Әбіл қатысып, тұрғындарды жаңа нысандармен құттықтады. Балаларға балмұздақтар таратылып, аниматорлар бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қыземшек кентінде биыл абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұған дейін 1-шағынаудандағы 23-үй алдында бір ойын алаңы, ал Таңбалытас көшесінде кіші футбол алаңы пайдалануға берілген. Қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында 7 бейнебақылау камерасы орнатылды. Көше жарықтары безендіріліп, орталық саябақта 1020 шаршы метр тротуар төселіп, қоршаулар жаңартылды.

2025 жылға дейін кентте:

  • 9 балалар және воркаут алаңы,
  • 2 кіші футбол алаңы салу жоспарланған.

Сонымен қатар:

  • Мектепке апаратын жол бойына веложол мен жаяу жүргіншілер жолы,
  • Геологтар, Жастар, Жетіқоңыр көшелерінің қиылыстарына 612 шаршы метр аяқжол төселеді.

Жарықтандыру жобалары да іске асырылуда. Атап айтқанда, ұзындығы:

  • 0,8 км айналма жол,
  • 0,6 км Сарыарқа көшесі,
  • 0,5 км Шұғыла көшесі,
  • 1,0 км Тайқоңырдағы Ақжайық көшесіне көше шамдары орнатылады.

Тайқоңыр елді мекенінде футбол алаңы мен қоқыс контейнерлерін орнату жобалары жүзеге асуда. Бұдан бөлек, әкімдік ауласын абаттандыру, көгалдандыру және көше атауларын жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр.