Көкшетауда жас жігіттер адам бопсалағаны үшін сотталып кетті

Көкшетауда адам ұрлау және бопсалау ісі бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды Pressa24.kz.

Тергеу мәліметінше, сотталушылар бір-бірімен таныс болды. Жәбірленуші Т. әлеуметтік желілерде танысқан қызбен кездесу үшін Көкшетауға келеді. Қыздың досы оның қауіпсіздігінен қорқып, Б. — дан оны жалдамалы пәтерге апаруын өтінеді. Б.- мен бірге Д. және Ш. сотталушылардың пәтерінде кенеттен бопсалау ниеті пайда болады. 3 жігіт Т. — ны көлікке отырғызып, айдалаға алып барып, ұрып-соғады.  Кейін олар қайтадан пәтерге келіп, заңсыз әрекеттерін жалғастырады. Жәбірленуші оларға 110 мың теңге тұратынын ұялы телефонын және 25 мың теңге береді. Сонымен қатар төрт микрокредит ресімдеуге мәжбүр болады.

Жоғарғы соттың мәліметінше, қылмыстың басы-қасында болған Ш. төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Б.тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды. Д. есімді азамат ҚК-нің 126-бабы 2-бөлігінің 1 және 8-тармақтары (заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша қылмысы дәлелденбегені үшін ақталды. Алайда, бопсалау үшін кішігірім рөл атқарған үшін оған үш жыл алты ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, сот қылмыс жасау кезінде пайдаланылған Mitsubishi Pajero Sport көлігін тәркілеу туралы шешім қабылдады.

Сотталғандар 19 мен 23 жас аралығындағы жігіттер.