Павлодар облысында ер адам өз қызын өлтірді деген күдікке ілінді

Павлодар облысының Тереңкөл ауданында 21 қыркүйек күні ауыр қылмыс болды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, мас күйдегі ер адам өзінің кішкентай қызын аяғынан ұстап алып, еденге екі рет ұрған. Салдарынан баланың мойны сынған, өкпесі мен бауыры зақымданған.

Жәбірленушіні жедел жәрдем шақырмай, ата-анасы өздері ауруханаға жеткізген. Алайда бала есін жимастан көз жұмды.

«Бұл қылмысқа күдікті ретінде жәбірленушінің әкесі анықталып, ұсталды. Соттың санкциясымен қамауға алынды», – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша іс қозғалды.