ТҮРКІСТАН: “КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІ” 19 ҮЗДІК ТҮЛЕКТІ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАДЫ

Түркістан қаласындағы №32 “Келешек мектебі” бағдарламасы аясында ашылған білім ордасы 19 үздік түлекті конкурссыз жұмысқа қабылдады.
Бұл мүмкіндік ҚР Оқу-ағарту және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің 2025 жылғы 31 наурыздағы бірлескен бұйрығына сәйкес жүзеге асырылуда. Негізгі талап – GPA 3,33-тен төмен болмауы және сертификаттаудан сәтті өтуі.
Жас мамандардың көбі — ағылшын тілі мен математика пәнінің мұғалімдері. Сонымен қатар бастауыш, химия, биология және орыс тілі саласының түлектері де жұмысқа орналасқан.
📢 «Мемлекет басшысының қолдауымен қабылданған шаралар педагог мамандығына қызығушылықты арттырды. Үздік диплом иелерін жұмысқа тарту — сапалы білім мен кәсіби әлеуетті арттырудың маңызды қадамы», — деді мектеп директоры.
Айта кетейік, жыл басынан бері Түркістан облысындағы білім беру ұйымдарына мыңнан астам жас маман жұмысқа қабылданған.





