ОРДАБАСЫ: АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Ордабасы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында көпбалалы аналарға арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында ауданның алтын құрсақты аналары мемлекет тарапынан марапаттарға ие болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, биыл ауданда 19 ана “Алтын алқа”, ал 59 ана “Күміс алқа” иегері атанды. Қазіргі таңда аудан көлемінде жалпы 56 “Алтын алқа” және 228 “Күміс алқа” иегері бар.

Салтанатты жиында аудан әкімі Азат Оралбаев пен аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков марапат иелерін құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Құрметті аналар! Сіздер — елдің берекесі мен отбасының ырысысыздар. Мемлекетіміз аналар еңбегін әрдайым жоғары бағалап, түрлі әлеуметтік қолдаулар көрсетіп келеді. Сіздердің мейірімдеріңіз бен еңбектеріңіз — ел болашағының кепілі. Баршаңызға амандық, ұзақ ғұмыр және отбасылық шаттық тілеймін, — деді аудан басшысы.

Жиын соңында аналар ризашылықтарын білдіріп, осындай құрметтің олардың еңбегіне деген үлкен баға екенін атап өтті.