Түркістанда балалар үшін жылжымалы кітап пункті ашылды

Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы жаңа бастамамен оқырмандарға қызмет көрсету аясын кеңейтті: Оқушылар сарайында жылжымалы кітап пункті ашылды. Бұл жобаның негізгі мақсаты – балалардың бос уақытын тиімді пайдаланып, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Жылжымалы пункт арқылы оқушылар көркем әдебиет, танымдық және тәрбиелік мазмұндағы кітаптармен таныса алады. Кітап қоры 1000 данаға жетеді, оның ішінде қазақ халық ертегілері, шетел жазушыларының шығармалары, сондай-ақ балалардың ой-өрісін дамытатын танымдық кітаптар бар.
Кітапхананың жаңа форматы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай әдебиеттерді ұсына отырып, олардың кітапқа деген қызығушылығын оятады және бос уақытын пайдалы өткізуіне мүмкіндік береді. Жоба балалар кітапханасын қолжетімді әрі тартымды етіп, оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Алдағы уақытта жылжымалы кітап пункті жұмысы жалғасын тауып, Түркістан өңіріндегі балалардың кітап оқу мәдениетін кеңейтуге ықпал етпек.





