ҚҰТАРЫС АУЫЛЫНДА ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ

Түркістан облысының Құтарыс ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жаңа ерікті өрт сөндіру пункті пайдалануға берілді.
Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, облыс әкімі Нұралхан Көшеров және жергілікті бизнес өкілдері қатысты.
Жаңа нысан ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Өрт сөндіру техникасы, байланыс құралдары және тәулік бойы кезекшілік жүргізуге арналған жабдықтармен қамтылған. Пункт Құтарыс, Қызылжар, Ақарыс, Оймауыт, Жусансай және Аққойлы ауылдары тұрғындарын өрт пен төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз етеді.
Бұл бекет «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы шеңберінде ашылған бірқатар нысанның қатарына кіреді және өңірде азаматтық қорғаныс жүйесін күшейтуге бағытталған маңызды бастама болып табылады.





