ҚАЗЫҒҰРТТА АППАРАТ МӘЖІЛІСІ: ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ УАҚТЫЛЫ ОРЫНДАЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Басқосуға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауыл округтерінің әкімдері, сондай-ақ бөлімдер мен мекемелердің жетекшілері қатысты.

Мәжілісте үш негізгі мәселе қаралды. Атап айтқанда, дербес бөлімдердің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарлары, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары және аудан әкімінің халықпен есеп беру кездесулерінде берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды.

Жауапты сала басшылары атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, алдағы кезеңге жоспарланған міндеттерді таныстырды. Мәжіліс барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қозғалып, бірқатар бағыттар бойынша кемшіліктер мен проблемалық тұстарға назар аударылды.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Азизхан Исмаилов барлық тапсырмалар мен жоспарланған жұмыстардың белгіленген мерзімде және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ сала басшылары мен ауыл әкімдеріне көрсеткіштердің орындалуын қатаң бақылауда ұстап, тұрғындармен кері байланысты күшейту қажеттігін ескертті.