САРЫАҒАШ: САМАЛ-3 ШАҒЫН АУДАНЫН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

 

Сарыағаш қаласындағы Самал-3 шағын ауданын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған инфрақұрылымдық жоба жоспарға сай жүзеге асырылып жатыр. Аталған құрылыс жұмыстарының барысын аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы барып көріп, жауапты сала өкілдерімен бірге нысандағы ахуалды жан-жақты зерделеді.

Нысан басында мердігер мекеме өкілдерімен кездескен аудан басшысы ауыз су жүйесін тарту жұмыстары бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға толық сәйкес жүргізілуі тиіс екенін қадап айтты. Әсіресе, құрылыс барысында қолданылатын материалдардың сапасына, техникалық талаптар мен қауіпсіздік нормаларының сақталуына баса мән беру қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, жұмыстың белгіленген мерзімде аяқталуы тұрғындар үшін аса маңызды екенін атап өтті.

Қазіргі таңда Самал-3 шағын ауданында ауыз су құбырларын тарту жұмыстарының жартысынан астамы орындалған. Жоба аясында әртүрлі диаметрдегі, атап айтқанда 110, 160, 180, 225, 250 және 280 миллиметрлік су құбырлары кезең-кезеңімен орнатылуда. Бұдан бөлек, сыйымдылығы 2000 текше метрді құрайтын су сақтау қоймасының бетондау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл нысан шағын аудан тұрғындарын тұрақты әрі үздіксіз ауыз сумен қамтуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, аталған жоба 2025 жылдың тамыз айында басталған. Тапсыры – Сарыағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі болса, құрылыс-монтаж жұмыстарын «Сарыағаш-Аман» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда.

Жоба толық аяқталғаннан кейін Самал-3 шағын ауданындағы тұрғындардың тұрмыс сапасы едәуір жақсарып, ауыз су мәселесі түбегейлі шешіледі деп күтілуде. Аудан әкімдігі тарапынан бұл нысанның құрылысы алдағы уақытта да тұрақты бақылауда бол