ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: СПОРТ ҰЖЫМЫ ТАЗАЛЫҚҚА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Елімізде қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жүйелі түрде жалғасуда. Аталған бастамаға Түркістан облысының спорт саласы да белсенді түрде атсалысып келеді.
2026 жылғы 16 қаңтар күні Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты Отырар ауданындағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы экологиялық акция аясында тазалық жұмыстарын ұйымдастырды. Спорт мектебінің аумағында және оған іргелес аймақтарда сенбілік өткізіліп, қоқыстар жиналып, айнала ретке келтірілді.
Іс-шараға мектептің барлық қызметкерлері белсене қатысып, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын іс жүзінде көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай сенбіліктер тек тазалықты сақтаумен шектелмей, ұжым мүшелері арасындағы ауызбіршілікті нығайтуға, ортақ жауапкершілік пен экологиялық сананы арттыруға ықпал етеді.
— Тазалық — тек бір күндік шара емес, ол әр азаматтың күнделікті дағдысына айналуы тиіс. «Таза Қазақстан» акциясы осы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама, — дейді спорт мектебінің өкілдері.
Экологиялық шара барысында қатысушыларға алғыс айтылып, алдағы уақытта да мұндай жұмыстарды тұрақты түрде өткізу жоспарланып отырғаны атап өтілді.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Түркістан облысында түрлі мекемелер мен ұйымдар экологияны қорғау, елді мекендерді абаттандыру және тұрғындар арасында экологиялық жауапкершілікті арттыру бағытында бірқатар іс-шаралар өткізуде.
Отырар аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі





