Астана іргесінде жеңіл ұшақ апатқа ұшырап екі адам қаза тапты

Астана іргесінде жеңіл ұшақ апатқа ұшырап,екі адам қаза тапты,-деп хабарлайды Пресса24.кз.

Ақмола облысында шағын әуе апаты тіркелді. Көлік министрлігінің дерегінше, Астанадан 55 шақырым жерде Aerostar R40F маркалы UP-LA229 жеңіл моторлы әуе көлігі құлаған.

Оқиға салдарынан борттағы екі адам – ұшқыш пен жолаушы көз жұмды. Министрлік ұшақ өртенбегенін хабарлады.

Қазір апаттың мән-жайын анықтайтын арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Тергеу органдары ұшу қауіпсіздігі ережесінің сақталмауына байланысты қылмыстық іс қозғаған.

Әуе апаты орнында зерттеу департаментінің мамандары жұмыс істеуде. Құлау себебі әзірге белгісіз.