Аудан әкімінің орынбасары «Атамекен» кедендік бекетінде жүк көліктерінің ретсіз қозғалысын зерттеді

Мақтаарал ауданында аудан әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков «Атамекен» кедендік бекетінде жүк көліктерінің ретсіз орналасуы мен ұзақ кезек мәселесін шешу мақсатында арнайы рейд өткізді.

Рейд барысында әкімдік өкілдері мен жауапты мекемелер мамандары бекет маңындағы көлік қозғалысын, өткізу жүйесінің тиімділігін тексеріп, жүргізушілерге жасалған жағдайды бағалады.

Бижан Анарбеков кедендік бекетке кіру мен шығу тәртібін реттеудің маңыздылығын атап, көрсетілген мәселелерді шешу үшін нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, жүргізушілермен тілдесіп, олардың көтерген өзекті мәселелерін тыңдады.

– «Аудандағы кедендік бекеттердің жұмысы экономикалық және логистикалық тұрғыдан маңызды. Сондықтан мұндағы тәртіп пен қозғалыс нақты ережелерге сай ұйымдастырылуы қажет. Жүргізушілерге қолайлы жағдай жасау мен құқықтық тәртіпті сақтау – басты міндет», – деді Бижан Анарбеков.

Айта кетейік, «Атамекен» кедендік бекеті жақында толық күрделі жөндеуден өткен, өткізу қабілеті арттырылып, инфрақұрылым жаңартылып, заманауи техникалық жабдықтар орнатылған. Қазіргі таңда аудан әкімдігі мен тиісті мекемелер көлік қозғалысын оңтайландыру және кезек мәселесін толық шешу бағытында кешенді шаралар қабылдап жатыр.