Бәйдібек: Мәдениет қызметкерлері арасында аудандық спартакиада өтті

 

Бәйдібек ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мәдениет және өнер қызметкерлері арасында аудандық спартакиада ұйымдастырылды. Спорттық шараны аудан әкімінің орынбасары Нұрпейіс Оразханұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Спартакиада нәтижесінде кіші футболдан аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерінен құралған команда 1 және 2 орындарды жеңіп алды. Ал 3 орын Жамбыл, Бәйдібек ата және Шыбыт ауылдық мәдениет үйлерінің құрамына бұйырды.

100 метрге жүгіруден ұлдар арасында 1 орынды М. Аманжол, 2 орынды С. Қуандық, 3 орынды Д. Таевтар иеленсе, қыздар арасында 60 метрге жүгіруден бірінші орынды А. Аділбекова, екінші орынды А. Әсілбекова және Г. Урзумбетова жеңіп алды.

Қол күрестен бірінші орынға М. Әжібеков, А. Кәрібаев және Р. Арыстан қол жеткізді. Гір тасын көтеруден де мәдениет қызметкерлері жоғары белсенділік танытып, бірінші орынды Ә. Тәшимов, А. Кәрібаев және М. Бөбеев иеленді.

Арқан тартудан бірінші орын Шалдар мен Ақмешіт ауылдық мәдениет үйлерінің командасына, екінші орын аудандық мәдениет үйінің қызметкерлеріне, ал үшінші орын Жамбыл, Шыбыт және Бәйдібек ата ауылдық мәдениет үйлерінің командасына бұйырды.

Жеңімпаздар арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.