Қарабұлақта газдандыру жұмыстары бақылауға алынды

 

Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылында табиғи газ тарту жұмыстары жалғасуда. Аудан әкімі Арман Сабитов құрылыс нысанында болып, инфрақұрылымдық жобаның орындалу барысын тексерді.

Аудан басшысы жауапты бөлім басшыларымен бірге мердігер мекеменің жұмысын бағалап, құрылыс сапасына және белгіленген мерзімді сақтауға қатысты нақты тапсырмалар жүктеді. Газдандыру – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және күнделікті тұрмысын жеңілдетуге бағытталған ауқымды қадам екені баса айтылды.

Жобаның жүзеге асуы нәтижесінде Қарабұлақ тұрғындары қауіпсіз әрі экологиялық таза отынға қол жеткізіп, ауылдағы инфрақұрылымның жаңа деңгейге шығуына жол ашылмақ. Аудан әкімдігі бұл бағыттағы жұмыстарды қатаң бақылауда ұстап отыр.