ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА 3,8 МЛРД ТЕҢГЕГЕ АГРОИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ САЛЫНАДЫ

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА 3,8 МЛРД ТЕҢГЕГЕ АГРОИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ САЛЫНАДЫ

Қазығұрт ауданында ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпті дамыту мақсатында ірі жобалар қолға алынуда. Атап айтқанда, Тұрбат ауылында 60 гектар жерге құны 3,8 млрд теңге болатын «Тұрбат» агроиндустриалды аймағы құрылады. Бұл туралы Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов брифингте мәлімдеді.
Инвестиция және Экономика
Жаңа агроиндустриалды аймақта негізінен жылыжайлар салынып, 416 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Бұл – аудандағы инвестициялық жобалардың бір бөлігі ғана. Жалпы, 2025 жылы ауданға 21,5 млрд теңге инвестиция тартып, 24 жобаны іске асыру арқылы 749 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Жобалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы, оның ішінде балық, құс және тамшылатып суару технологиясын дамытуға бағытталған.
Ауданның жалпы өңірлік өнім көлемі биылғы бес айда 42,3 млрд теңгеге жетіп, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 134,4 млрд теңгеге жеткізу көзделген.

Ауданда инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары да қарқынды жүруде:
* Ауыз су: Тұрғындардың 98,3%-ы қамтылған, жыл соңына дейін 100%-ға жеткізу жоспарлануда.
* Табиғи газ: Халықтың 90,1%-ына қолжетімді.
* Электр жарығы: Көрсеткіш 98,4%-ды құрайды.
* Интернет: «Сomdata» ЖШС инвесторы Қазығұрт, Қызылқия және Рабат ауылдарына талшықты-птикалық байланыс желісін тартуда. Биыл Қызылқияда 745, Рабатта 840 абонент сапалы интернетке қосылады.
Әлеуметтік сала
Білім беру мен денсаулық сақтау саласында да оң өзгерістер бар. 2024 жылы 4 жаңа мектеп пайдалануға берілсе, биыл тағы 3 білім ошағының құрылысы жүріп жатыр. Денсаулық сақтау саласында өткен жылы 5 медициналық нысан іске қосылса, 2025 жылдың соңына дейін тағы 4 нысан халыққа қызмет көрсете бастайды.