КЕЛЕС: АБАЙ АУЫЛЫНДА ЖАҢА РӘМІЗДЕР АЛАҢЫ САЛЫНУДА

Келес ауданының орталығы Абай ауылында мемлекеттік рәміздерге арналған жаңа алаңның құрылысы басталды. Жоба — елдік нышандарға құрмет пен патриоттық сана қалыптастыруды көздейді.
Қазіргі таңда Асан Қайғы көшесінің бойында алаң құрылысы қарқын алған. Жобамен танысқан аудан әкімінің аппаратының басшысы Бақтияр Абдрахманов мердігерге сапа мен мерзім мәселесіне баса мән беруді ескертті. Сонымен қатар, алаңды абаттандыру, көгалдандыру және жарықтандыру жұмыстары да назарда болатынын жеткізді.
Бақтияр Абдрахманов сапар барысында М.Артықов көшесінде орналасқан бұрынғы рәміздер алаңын да көріп, оны жаңғырту бойынша ұсыныстарын білдіріп, тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар берді.
Аталған бастама — аудандағы көріктендіру жұмыстарының бір бөлігі ғана емес, жас буынды елге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеудің бір тетігіне айналмақ.





