КЕЛЕС АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МӘДЕНИЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ЖИЫН ӨТТІ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МӘДЕНИЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Келес ауданында мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға бағытталған кеңес өтті. Жиынды аудан әкімінің аппаратының басшысы Бақтияр Абдрахманов ашып, сала қызметкерлерімен бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесуге аппарат бөлім басшылары мен мемлекеттік қызметшілер қатысты. Жиын барысында қызметтік тәртіпті сақтау, жемқорлықтың алдын алу, кадрлық ресурсты тиімді пайдалану, азаматтарға сапалы қызмет көрсету, сонымен қатар қызметкерлердің сыртқы келбетіне қойылатын талаптар қаралды.

Аппарат жетекшісі мемлекеттік қызметкердің мінсіз әдебі мен тұрғындармен қарым-қатынастағы сыпайы стилі – мемлекеттік басқарудың сапасын көрсететін басты фактор екенін атап өтті.

– Мемлекеттік қызметкер халықтың сенімін арқалап отырған тұлға. Сондықтан, кәсіби тәртіпті сақтау мен жоғары мәдениеттілік – күнделікті жұмыстың ажырамас бөлігіне айналуы тиіс, – деді Бақтияр Абдрахманов.

Сондай-ақ, жиында қызметкерлердің киім үлгісіне қатысты біркелкілік талаптары да пысықталды.

Кеңес қорытындысында аппарат басшысы әр бөлімнің жұмысын жүйелі бақылауға алатынын айтып, нақты тапсырмалар берді.