Қазығұрттың 180 оқушысы лагерьге тегін жолдама алды

Қазығұрт ауданындағы үздік және белсенді оқушылар үшін жаз ерекше көңілді басталды. «Қазақстан Халқына» қорының қолдауымен ауданның 180 оқушысы жазғы сауықтыру лагерлеріне тегін жолдама алып отыр.
Алғашқы лег – 80 оқушы кеше Түлкібас ауданындағы «Қуаныш» жазғы лагеріне аттанды. Олар ауданның әр түкпірінен: Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясы, Аққұм, С.Рахимов, Қақпақ, Ы.Алтынсарин, Шарбұлақ және басқа мектептерден іріктелді.
Лагерьдің мақсаты – балалардың жазғы демалысын мазмұнды және қауіпсіз өткізу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, достық пен ұжымдық қарым-қатынасты нығайту.
Лагерьде балаларға тәжірибелі тәрбиешілер мен медицина қызметкерлері қызмет көрсетеді. Қызықты мәдени және спорттық бағдарламалар ұйымдастырылған.
Қазығұрт аудандық білім бөлімі жазғы демалысты тиімді ұйымдастыруды басты назарда ұстап отыр.





