КЕЛЕС: АБАЙ АУЫЛЫНДАҒЫ ЖАТАҚХАНАҒА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

КЕЛЕС: АБАЙ АУЫЛЫНДАҒЫ ЖАТАҚХАНАҒА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Келес ауданының орталығы Абай ауылында орналасқан жатақхана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл бастама – жергілікті тұрғындардың аудан басшылығына жолдаған өтініштері негізінде қолға алынған.

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, нысанды жаңғыртуға қажетті қаржы қарастырылып, мердігер мекеме анықталған. Алдағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысу үшін аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Абдрахманов арнайы нысан басына барып, құрылыс сапасы мен мерзімі бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

– Бұл жоба – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Құрылыс уақытында басталып, сапалы орындалуы тиіс. Сонымен қатар, қауіпсіздік мақсатында ғимарат уақытша босатылып, айналадағы заңсыз құрылыстар алынып, абаттандыру жұмыстары жүргізіледі, – деді Бақтияр Абдрахманов.

Жөндеу барысында ғимараттың сырты толық жаңарып, инфрақұрылым жүйелері қалпына келтіріледі. Сондай-ақ, жатақхана айналасын көріктендіру мен тәртіпке келтіру шаралары да іске асады.