КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЖАҢА АГРОӨНЕРКӘСІП ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЖАҢА АГРОӨНЕРКӘСІП ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ
Келес ауданында ауыл шаруашылығы мен өңдеу саласын өркендетуге бағытталған ірі жоба қолға алынды. Ошақты ауылдық округінің аумағында жібек құртын өсіріп, оны өңдейтін жаңа өндіріс орны ашылмақ. Бұл бастама аудан басшысы Жәнібек Ағыбаевтың ауыл аймақтарды дамыту стратегиясымен ұштасып отыр.
Жобаны «Асвс ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырады. Жалпы құны 1,78 миллиард теңгені құрайтын кешенде 60 гектар жерге тұт ағаштары егіліп, болашақта 15 азамат тұрақты жұмыспен қамтылады.
Бүгінде аталған учаскеде инфрақұрылым тарту жұмыстары басталып, жер асты суын шығару бойынша ұңғыма қазу ісі толық аяқталған. Сонымен қатар, Қытайлық серіктестермен тұт көшеттерін жеткізу туралы келісімдер жасалып, алғашқы партияны жеткізу көзделіп отыр.
Жобаның тиімділігін тексеру мақсатында биыл Біртілек ауылдық округінде шағын тәжірибелік алқапта тұт ағаштары егілген. Алынған алғашқы өнім оң нәтиже көрсетіп, өсімдіктер жергілікті табиғи жағдайға бейімделе бастаған.
Алдағы уақытта кәсіпорын тұт жапырағын өңдеп, шай өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр. Бұл мақсатта Қытайдан заманауи қондырғылар жеткізіледі деп күтілуде.





