КЕНТАУДА КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ АУЛАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

КЕНТАУДА КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ АУЛАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Кентау қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру және жолдарды жаңарту жұмыстары қарқын алып келеді. Қазіргі таңда бірнеше көшедегі аулаларда орташа жөндеу жүргізіліп, тұрғындар үшін ыңғайлы инфрақұрылым қалыптастыру қолға алынған.

Шүлембаев, Т.Рысқұлов, Каленова және Ы.Алтынсарин көшелерінде орналасқан көпқабатты үйлердің аулаларында жол төсеу, аяқжол салу және автотұрақ орнату жұмыстары жүргізілуде. Жалпы қамтылатын аумақ көлемі – 8511 шаршы метр. Жөндеу жұмыстары 2025 жылдың тамыз айына дейін толық аяқталады деп жоспарланған.

Қала әкімі Жандос Тасов аталған нысандарды аралап, тұрғындармен кездесіп, олардың ұсыныстарын тыңдады. Жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріп, жұмыстың сапасын қатаң бақылауды тапсырды.

Айта кету керек, бұған дейін Абай даңғылы мен Әл-Фараби көшесіндегі бірнеше тұрғын үй ауласында жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген.