ТҮРКІСТАНДА КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ СЫРТЫ ЖАҢАРЫП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАНДА КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ СЫРТЫ ЖАҢАРЫП ЖАТЫР
Түркістан қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы қасбеттерін жаңарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл шаралар шаһардың көркі мен тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған.
Қазіргі таңда Т.Бокин көшесінде орналасқан 15 үйге ағымдағы жөндеу жүргізіліп, жұмыстар толық аяқталды. Сонымен бірге, 1 және 2-ықшам аудандарда жоспарланған 18 үйдің 11-інде жөндеу жұмыстары бітіп, қалған 7 үйде құрылысшылар жұмысты жалғастыруда.
Қасбеттерді жаңғырту арқылы қала келбеті жақсарып қана қоймай, көпқабатты үйлердің техникалық жағдайы да нығайтылуда.





