Көк туды көкке көтерген ағайындылар Шымкентке оралды

Көк туды көкке көтерген ағайындылар Шымкентке оралды,-деп хабарлайды Пресса24 тілшісі.

Көк байрақты әлем сахнасында желбіреткен ағайынды Махмұд пен Төрехан Сабырхан туған жеріне оралды. Шымкент әуежайында жерлестері қос чемпионды ерекше құрметпен, ыстық ықыласпен қарсы алды.

Жеңіс жолын жалғаған ағайындылардың келуі қала тұрғындары үшін үлкен мереке іспетті болды. Әуежай алаңы халыққа толып, қолдау сөздер мен қошеметке бөленген сәт көпшіліктің жүрегін тебірентті.

Сабырхандардың бұл жеңісі – тек спорттағы жетістік қана емес, елдің намысын асқақтатқан тарихи сәт.