Отырар ауданы әкімі:Әрбір мәселе бойынша нақты жұмыс талап етіледі

Әрбір мәселе бойынша нақты жұмыс талап етіледі
Пресса24.kz тілшісі хабарлайды
Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл округтері мен дербес бөлімдердің басшылары, сондай-ақ мекеме жетекшілері қатысты.
Күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды. Алдымен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Асқар Көлбай 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен алдағы бірінші жартыжылдық бойынша индикаторлық болжамдар жайында баяндама жасады. Ол жоспарлардың орындалу деңгейіне тоқталып, оң динамикамен қатар тәуекелдерге де назар аударды.
Келесі болып «Мансап» орталығының директоры Ерболат Әбиев сөз алып, жұмыспен қамту бағытындағы атқарылған жұмыстар мен ағымдағы іс-шаралар жоспарының орындалу барысын мәлімдеді.
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы күн тәртібінде көтерілген мәселелер тек есеп үшін емес, нақты нәтиже үшін қарастырылуы қажет екенін баса айтты. Ол әр сала басшысына бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар, ресми есептіліктердің статистика органдарына уақытында әрі сапалы жолдануын міндеттеді.
— Жоспардың орындалуы – тек сандар емес, ол – халықтың әл-ауқаты мен сенімі. Сондықтан әрбір бөлім мен мекеме өз жұмысына жауапкершілікпен қарауы тиіс, — деді әкім.





