САРЫАҒАШ: ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

 

Сарыағаш ауданында елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамту бағытында құрылыс жұмыстары жалғасуда. Жобалардың жүзеге асу барысымен аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы барып танысып, мердігер мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді. Әкім тұрғындардың өмір сапасын арттыруда бұл жобалардың маңызы зор екенін атап өтіп, жұмыстарды мерзімінде әрі сапалы орындауды талап етті.

Атап айтқанда, Құркелес ауылдық округіне қарасты Ақүй елді мекенінде «FS Development Group» ЖШС тарапынан су ұңғымасын қазу және 11 000 метрге жуық су құбырын тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұған қоса, 140 дана су құдықшасы орнатылған.

Сонымен қатар, Тегісшіл ауылдық округінің Таскескен елді мекеніндегі Т.Омаралиев, Ақбосаға және Жетіқыр көшелерін ауыз сумен қамту бойынша да құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жобаның тапсырыс берушісі – аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі. Қазіргі таңда 2 100 метр құбыр тартылып, 28 су құдықшасы орнатылған.

Ауыз су жүйесін тарту жұмыстары алдағы уақытта басқа да ауылдарда жалғасын таппақ.