САРЫАҒАШ: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСІ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Сарыағаш ауданында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Алдияр Қозыбаев жетекшілік етті. Отырыста комиссия мүшелерімен қатар бірқатар ата-аналар да қатысты.

Күн тәртібінде:

  • Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар,
  • Жергілікті полиция қызметінің есептері мен талдаулары қаралды.

Аудандық полиция бөлімінің инспекторлары құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.

Жиын барысында:

  • Комиссия мүшелері мен ата-аналар пікір алмасып, нақты ұсыныстарын білдірді,
  • Тәрбиелік түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,
  • Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

Отырыс қорытындысында Алдияр Қозыбаев жасөспірімдердің қауіпсіз ортасын қалыптастыруға барша жауапты тараптарды бірлесе жұмыс істеуге шақырды.