ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ МЕН УНИВЕРСИТЕТ АШУ ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын ғылыми негізде дамыту мақсатында зерттеу орталығы мен университет ашу мәселесі көтерілді. Бұл бастама облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен шетелдік инвесторлар, ғалымдар және профессорлар арасындағы кездесуде талқыланды.

Нұралхан Көшеров:

– Түркістан – ауыл шаруашылығы бойынша елімізде алдыңғы орында. Бізге осы салаға бейімделген зерттеу орталығы, су, топырақ, тұқым бағытында маман даярлайтын университет қажет. Ұсыныстарға ашықпыз, қолдау көрсетуге дайынбыз.

Жоспарланған:

  • Ғылыми зерттеу орталығы: су үнемдеу технологияларын, топырақ құрамын зерттеу;
  • Маман даярлау: аграрлық ғылым, агротехнологиялар, ауыл шаруашылық инженерия бағыттары;
  • Университет: ғылыми база негізінде құрылмақ;
  • Лаборатория: өсімдік тұқымын жетілдіру, жер сапасын зерттеу, жаңа агротехнологияларды ендіру.

Қытай Халық Республикасының Пекин ауыл шаруашылығы университеті вице-президенті, профессор Ду Тайшэн:

  • Түркістанның ауыл шаруашылығындағы әлеуеті жоғары екенін айтып, су үнемдеу және топырақ зерттеу бағытында қолдау білдірді.
  • Мемлекетаралық деңгейде зерттеу орталығы мен университет ашу мәселесі зерделенетінін жеткізді.

Түркістанда биыл сондай-ақ Оңтүстік Кореяның Woosong университеті филиалы ашылып, ІТ мамандарын даярлау басталмақ. Ал ауыл шаруашылығы бағыты – өңірдің негізгі стратегиялық басымдығы ретінде айқындалған.

Бұл бастама Түркістанды аграрлық білім мен зерттеу хабына айналдыруға жол ашпақ.