Сарыағашта “Таза Қазақстан” науқаны аясындағы сенбілік жұмыстары қарқын алды

Сарыағашта “Таза Қазақстан” науқаны аясындағы сенбілік жұмыстары қарқын алды
Сарыағаш ауданында “Таза Қазақстан” экологиялық науқанын қолдау мақсатында кең ауқымды сенбілік жұмыстары жалғасуда. Тазалық шарасына аудан әкімі Арман Абдуллаев та белсене қатысып, тұрғындарды бірлесе әрекет етуге шақырды.
Сенбілік барысында:
- Республикалық және облыстық маңызы бар жолдар мен ішкі көшелер бойындағы қоқыстар тазартылды,
- Қураған ағаштар мен бұталар кесіліп, шөптер орылды,
- Жасыл желектер ретке келтірілді.
Барлық мекемелер таңғы сағат 08:00-ден бастап өздеріне бекітілген аумақтарда жұмыс жүргізді. Арман Абдуллаев тазалық барысын бақылап, сала басшыларына жұмысты жүйелеуді тапсырды. Әрбір аумақ бойынша тазалықты кесте негізінде ұйымдастырып, нәтижелі жүргізуді жүктеді.
Аудан әкімдігі өңір тұрғындарын аула тазалығын сақтап, ортақ іске үлес қосуға шақырады. Таза орта – сау қоғам кепілі.





