Сарыағашта Ұлттық статистика бюросының төрағасымен ресми кездесу өтті

Сарыағаш ауданында Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының төрағасы Мақсат Тұрлыбаевтың қатысуымен ресми кездесу өтті. Жиында аудан әкімі Арман Абдуллаев ауыл шаруашылығы санағының маңыздылығын атап өтіп, өңірде жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстарының жай-күйін баяндады.

Кездесу барысында:

  • Санақтың алдын ала аралау кезеңінің ұйымдастырылуы,
  • Деректерді жинау сапасы,
  • Ауыл шаруашылығы субъектілерімен өзара іс-қимыл тетіктері қаралды.

Мақсат Тұрлыбаев аудан әкімдігі тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға алғыс білдіріп, ауыл шаруашылығы санағының ел экономикасы мен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін маңызды екенін атап өтті.

Арман Абдуллаев бұл науқанның сапалы өткізілуі үшін ауылдық округ әкімдері мен жауапты мамандардың толық жұмылдырылатынын айтып, салаға жауапты орынбасары Н.Талиповқа жұмысты үйлестіруді тапсырды.