САУРАН: ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ АУЫЛ ӘКІМДЕРІМЕН ӘҢГІМЕ ӨТКІЗДІ

 

Сауран ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Бекзат Абубакиров ауылдық округ әкімдерімен кездесу өткізіп, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдебі мен мінез-құлық мәдениеті туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында Әдеп кодексінің жаңартылған талаптары таныстырылып, мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен қарым-қатынасында әдептілік, сыпайылық және құрмет қағидаттарын сақтау маңызды екені айтылды. Қызметтік міндеттерді орындау кезінде дөрекілік пен өрескелдікке жол берілмеуі қажеттігі ерекше атап өтілді.

Уәкілдің айтуынша, әр әкімнің мінез-құлқы мен сөзі мемлекеттік органның абыройына тікелей әсер етеді. Сондықтан әкімдерге өз іс-әрекеттерінде әді