САУРАН АУДАНЫНДА ӘКІМДЕРМЕН ӘДЕП МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сауран ауданы әкімдігі мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттарын сақтау мәселесіне ерекше назар аударуда. Осы орайда аудан әкімі аппаратының басшысы әрі Әдеп жөніндегі уәкіл Бекзат Абубакиров ауылдық округ әкімдерімен арнайы кездесу өткізді.
Басқосуда мемлекеттік қызметшілер үшін жаңартылған Әдеп кодексінің талаптары мен кәсіби қарым-қатынастағы мінез-құлық нормалары кеңінен түсіндірілді. Әсіресе, азаматтармен жұмыс барысында сабырлылық таныту, қызметтік әдебін сақтау және ашықтыққа негізделген диалог жүргізу қажеттігі баса айтылды.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметкерлердің әрекеті мемлекеттік құрылымдардың қоғамдық беделіне тікелей ықпал ететіні айтылып, әкімдерге әрдайым жоғары жауапкершілікпен әрекет ету міндеті жүктелді. Сонымен қатар қызмет этикасын бұзуға жол бермеу, қызмет барысында әділеттілік пен іскерлік этиканы ұстану мәселелері талқыланды.
Бұл шара мемлекеттік аппараттағы ішкі тәртіп пен азаматтар сенімін арттыруға бағытталған кешенді жұмыстың бір бөлігі ретінде өтті.





