Сауран ауданына Түркі әлемі делегациясы келді

Бүгін Түркі әлемі муниципалитеттер одағының делегациясы Сауран ауданына арнайы іссапармен келді. Сапардың мақсаты – халықаралық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ бауырлас елдер арасындағы мәдени және экономикалық байланысты дамыту.
Кездесу барысында делегация құрамындағы басшылық және өкілетті мүшелер аудан әкімі Мақсат Таңғатаровпен ресми жүздесті. Әкім қонақтарды өңірдің инвестициялық жобаларымен, тарихи-мәдени мұрасымен таныстырып, әкімшілік басқару саласындағы тәжірибе алмасуға дайын екенін білдірді.
Бұл сапар қос тараптың достық қарым-қатынастарын тереңдетіп, болашақта бірлескен жобаларды іске асыруға жол ашпақ. Сонымен қатар, тарихи және рухани сабақтастықты жаңа мазмұнда жалғастыруға серпін береді.