ШАҒЫН БИЗНЕС – ҮЛКЕН МҮМКІНДІК: САРЫАҒАШТА ЖАСТАР ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТПЕН КӘСІП БАСТАП ЖАТЫР

Сарыағаш ауданында кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар шынайы нәтижесін бере бастады. Әсіресе қайтарымсыз гранттар – тұрғындардың өз ісін бастауына берілген нақты мүмкіндік. Аудан әкімі Арман Абдуллаев осындай қолдаумен іс бастаған кәсіпкерлермен кездесіп, олардың жұмыс барысымен танысты.
Жұмыс сапары Д.Турсынбаевтың тіс емханасынан басталды. Мемлекеттік қолдаумен қажетті медициналық құрал-жабдық сатып алған кәсіпкер бүгінде жеке емханасын ашып, 1 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Көпбалалы әке, жас кәсіпкер – қазіргі таңда білікті маман ретінде халыққа сапалы қызмет көрсетіп келеді.
Келесі нысан – Б.Сүлейменованың медиа студиясы. Көпбалалы ана 2024 жылы мемлекеттік грант иеленіп, «декоративті локацияда фото-видео қызмет» бағытында медиа студия ашқан. Қазір студия тек Сарыағашта ғана емес, көрші ауылды да қамтуда.





