Шымкент қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Арман Сәбитұлы Сәбитов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Арман Сәбитов 1984 жылы Шымкентте туған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған. Мамандығы – қаржы және құқық.
Ол еңбек жолын 2004 жылы аудиторлық салада бастаған. Кейін Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясында, Түркістан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында түрлі басшылық қызметтер атқарды. Сонымен қатар, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болған.
2020 жылдан бастап Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Ал 2023 жылдың маусымынан 2025 жылдың тамызына дейін Сайрам ауданының әкімі болды.
Жаңа орынбасардың негізгі міндеттері қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарымен байланысты болады деп күтілуде.





