Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды,-деп хабарлайды Пресса24.кз тілшісі.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып Айдын Мейрамбекұлы Кәрімов тағайындалды. Тиісті шешім ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен қабылданды.

Айдын Кәрімов 1988 жылы Семейде туған. Еуразия ұлттық университетін, Қазақ қаржы-экономикалық академиясын және КАЗГЮУ университетін тәмамдаған. Мамандығы – бағдарламалық қамтамасыз ету, қаржы және халықаралық құқық.

Еңбек жолын 2006 жылы Төтенше жағдайлар министрлігінде бастаған. Кейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, мемлекеттік органдар мен Үкімет аппаратында түрлі қызметтер атқарды. 2019–2022 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары, 2022–2023 жылдары Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. Соңғы бір жылда Шымкент әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Бұған дейін бұл лауазымды атқарған Қуаныш Асылов басқа қызметке ауысуына байланысты босатылды.