Шымкентте жаңа автобустар жолға шықты

Шымкент қаласының автопаркі 58 жаңа автобуспен толықты. Оның ішінде 28 шағын автобус шалғайдағы шағынаудандарға қатынайды, ал 30-ы бүгіннен бастап қалаішілік бағыттарға шықты.

Барлық көліктер бейнебақылау, навигация, заманауи төлем жүйесімен және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған құрылғылармен жабдықталған.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков автобустарды өзі барып көріп, тазалық пен қозғалыс кестесінің сақталуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Әкімдіктің мәліметінше, қоғамдық көлікті жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады.