СОЗАҚТА РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРІЛДІ

СОЗАҚТА РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРІЛДІ

25 қазан – Республика күні мерекесіне орай Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылындағы «Ту тұғыры» алаңында Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсімі өтті.

Салтанатты жиынға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев, құқық қорғау органдарының өкілдері, еңбек ардагерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Іс-шарада аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жиналғандарды мерекемен құттықтап, Республика күнінің егемен елдің рухын көтеріп, бірлікті бекемдеудегі рөлін атап өтті.
— Бұл мереке – тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы айрықша күн. Мемлекеттік Туымыздың көкте желбіреуі – елдік пен ерліктің, ынтымақ пен азаттықтың символы. Әрбір азамат көк байрағымызды құрметтеп, оны биікте ұстауға үлес қосуы тиіс, – деді аудан басшысы.

Рәсім барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалып, Ту салтанатты түрде көтерілді. Шара соңы аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйі өнерпаздарының патриоттық әндерімен жалғасты.