Түлкібаста 100 жастағы ардагерге құрмет көрсетілді

Түлкібаста 100 жастағы ардагерге құрмет көрсетілді,- деп хабарлайды Pressa24.kz.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев ғасыр жасаған ардагер Мұратәлі Төлепбергеновтың шаңырағына барып, құрмет көрсетті. Аудан басшысы ардагерді мерекемен құттықтап, ел үшін сіңірген ерлігіне алғысын жеткізді.

Мұратәлі қария 1943 жылы әскер қатарына шақырылып, Ташкент қаласында 6 ай бойы радист-телефонист мамандығын меңгерген. Соғыста зеңбірекшілер батареясында артиллерист-радист болып қызмет атқарған. Ол Брест қамалын жаудан азат ету мен Варшава қаласын босатуға қатысып, «Варшаваны азат еткені үшін» медалімен марапатталған. Сонымен қатар, «Германияны жеңгені үшін» медаліне, маршал Г.К.Жуков медалі мен Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі орденіне ие болған.