ТҮРКІСТАН: ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАНУДА

Түркістан қаласында алдағы жылыту маусымына әзірлік барысы жедел қарқынмен жүргізілуде. Қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы көпқабатты үйлердің ішкі инженерлік жүйелерінің жағдайын бақылап, дайындық жұмыстарын пысықтады.
Қазіргі таңда 1 және 2-ықшам аудандарда орналасқан тұрғын үйлердің жылу жүйелері тексеріліп, ақаулары жойылуда. Сонымен бірге, қаланың су, кәріз және жылу инфрақұрылымын жаңарту бойынша бірқатар кешенді шаралар қолға алынған.
Жалпы, орталық жылу жүйесіне қосылған 75 үйдің 34-інде дайындық толық аяқталған. Қалған 41 үйде жөндеу және техникалық реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұдан бөлек, 32 көпқабатты үйдің сыртқы қасбеттері әрленіп, жаңғыртылуда.
Қала әкімі тиісті мекемелерге 10 тамызға дейін барлық жұмыстарды сапалы түрде аяқтауды тапсырды.





