ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТА VOLUSON E10 АППАРАТЫ БОЙЫНША МАСТЕР-КЛАСС ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТА VOLUSON E10 АППАРАТЫ БОЙЫНША МАСТЕР-КЛАСС ӨТТІ
№1 Облыстық перинаталдық орталықта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ультрадыбыстық пренаталдық диагностика бойынша бас штаттан тыс маманы, медицина ғылымдарының докторы Ж.К. Құрманғали Voluson E10 аппаратымен жұмыс істеу бойынша оқыту өткізді.
Мастер-класста дәрігерлерге құрылғыны басқару, негізгі функциялары мен диагностикалық мүмкіндіктері таныстырылды. Теориялық бөлім құрылғының жұмыс принциптері мен аномалияларды ерте анықтау әдістеріне арналды. Ал тәжірибелік кезеңде қатысушылар түрлі сенсорлар арқылы ұрықтың анатомиясын бағалау, қан ағынын талдау және 3D/4D бейнелеу сынды мүмкіндіктерді меңгерді.
Оқыту барысында нақты мысалдар қаралып, мамандар жоғары технологиялық жабдықпен жұмыс істеуге машықтанды. Сабақ соңында дәрігерлер Voluson E10 аппаратының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану бойынша тәжірибелік ұсыныстар алып, бұл өңірдегі перинаталдық көмектің сапасын арттыруға ықпал етпек.





