Түркістан облысында қоқыс полигондарындағы өрттерге 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды

2025 жылдың басынан бері Түркістан облысында қоқыс полигондарында 13 өрт оқиғасы тіркелді. Қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзған тұлғаларға 5 млн 111 мың 600 теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Пресса24.kz.
Мамандардың айтуынша, полигондарда орын алған жану жағдайлары экологиялық залал келтіріп, тұрғындар үшін қауіп төндіруде. Өрттің таралуы атмосфераға зиянды заттардың бөлінуіне, топырақ пен жерасты суларының ластануына әкеліп соғады.
Осыған байланысты, аптап ыстықта жану деректерінің алдын алу мақсатында облыста тіркеуге алынған барлық қоқыс полигондарында профилактикалық шаралар қолға алынды. Полигон нысандары өртке қарсы талаптарға сай реттеліп, жұмысшыларға қауіпсіздік нұсқамасы түсіндірілуде.
Экологтар мен төтенше жағдай қызметі бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасатынын атап өтті.
Бердалы ОРАЗ





